30.04.2018
2018 жылдың 24-27 сәуірі аралығында Қазақстан Республикасы ҰҚК Академиясы генерал-майор Ә.Ә.Арыстанбековті еске алуға арналған әскери жоғары оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушылары арасында қоян-қолтық ұрысынан республикалық турнир өткізді.
Турнирді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясының бастығы полковник Т.Жүнісов салтанатты түрде ашып, сонымен қатар генерал-майор Ә.Ә.Арыстанбековтің жанұясы қатысушы спортшыларға сәттілік тілеп, жоғары белестерді бағындыруға серпін берді.
Жарыстың 1 кезеңі қатысушы командалардың курсанттары мен тыңдаушылары қарусыз және қару қолданумен жасалған шабуылдан қорғану әдістерін 9 салмақ дәрежесі бойынша көрсетті. Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының курсанттары өздерінің жігерлілігімен, жақсы техникалық дене дайындықтарын көрсете білді.
Жарыстың 2 кезеңі қоян-қолтық ұрысы жарысы жалғасты. Аталған жарыста 60 келі салмақ дәрежесі бойынша 3-ші орынды 1Б курсы 101-оқу тобының курсанты Б.Нарынбай иеленсе, 75 келі салмақ дәрежесі бойынша 3-ші орынды 1А курсы 101-оқу тобының курсанты М.Кадыров иеленді. Сонымен қатар «жеңіске деген құштарлық танытқаны үшін» 1А курсы 101-оқу тобының курсанты Е.Төлебай дипломмен және кубокпен марапатталды.
Жарыс әуенмен жақсы көңіл-күйде өтіп, жеңімпаздар дипломмен, медельдармен және кубоктармен марапатталып, естелік суретке түсумен салтанатты түрде аяқталды.
А.А. Мергалиев
Н.Н. Кажигалиев