2.03.2021
Қызметкерлердің позитивті ойлауын қалыптастыру бойынша психологиялық тренинг жеке тұлғаның күйзеліске төзімділігін арттырудың, белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастырудың тиімді әдісі болып табылады.
2021 жылғы 1 наурызда институттың кадр саясаты бөлімінің идеологиялық жұмыс бөлімшесі инспектор-психологтары қызметкерлер арасында “Алғыс айту күші” тренингін ұйымдастырып өткізді. Тренингтің мақсаты қатысушылардың позитивті ойлауын дамыту және эмоционалды күйзелістің алдын алу болды. Позитивті ойлау – бұл адамның ішкі әлемінің бөлігі, ол физикалық және психикалық шаршауды, эмоционалды күйзелісті жеңуге көмектеседі.
Тренинг барысында қатысушылар позитивті ойлаудың, алғыс білдірудің маңыздылығы туралы өз көзқарастарын нығайтты; тапсырмаларды орындады, оның барысында олар кез-келген өмірлік жағдайда сындарлы іс-қимыл тактикасын, жақындарымен және әріптестерімен қарым-қатынаста жағымсыз сәттерге сабырлы жауап берді.
Тренинг әр қатысушының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашып, бір-бірімен достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал ете отырып, жағымды, қызықты атмосферада өтті.
КСБ ИЖБ аға инспектор-психологі
Ж.А.Жукаева