6.08.2021
2021 жылғы 05 тамызда идеологиялық және имидждік жұмыс бөлімі құқық тәртібі мен қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосқан ІІО тарихын, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен ІІО зейнеткерлері туралы мәліметтерді зерделеу бойынша іс-шара ұйымдастырды. Алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларына институт мұражайын жаңа форматта таныстырды: Кеңес милициясының құрылу және Қазақстан полициясының даму тарихы, Кеңес Одағының Батырлары Әлия Молдағұлова мен Малкеджар Бөкенбаевтың ерліктері туралы айтып, қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерді, сондай-ақ Қазақстан полициясының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан ІІО зейнеткерлерін еске алу стендтеріне назар аударды. Мұражайдағы құжаттардың, бұйрықтардың мазмұны, алғашқы милиционерлердің киім-кешектері мен ардагерлер мұқият сақтаған және институт мұражайының қорына берілген басқа да экспонаттар, фотосуреттер, құжаттар тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды.











