14.10.2023
ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына еліміздің әр өңірінен келіп, 2 ай қажетті теориялық және практикалық дайындықтан өткен алғашқы кәсіби даярлық тыңдаушылары салтанатты түрде белгіленген өңірлерге қызметке шығарып салынды.
Жиын барысында саналы тәрбие беруде сіңірген өнегелі істері үшін курс басшылары және топ жетекшілері алғыс хаттармен марапатталды.
Оқу бағдарламасын меңгеруде жоғары көрсеткіш көрсеткен және тәртіптілік, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан тыңдаушылар грамоталармен марапатталды.
Институт басшылығы тыңдаушылардың ішкі істер органдарында қызметін жалғастырып, институт қабырғасында алған білімдерін тәжірибемен ұштастырып, халыққа адал қызмет етуде өз міндеттерін абыроймен атқаратындықтарына сенім білдірді.










