8.10.2021
Жоғары патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық сезімін, азаматтық борышын өтеуге дайындықты қалыптастыру үшін, 2021 жылғы 7 қазанда алғашқы кәсіби даярлық курсының 4, 11, 13 взвод кураторлары ІІО әкімшілік қызметкафедрасының аға оқытушысы, полиция майоры В.Хасанова, кафедраның аға оқытушысы, полиция майоры Н. Думов және кафедра оқытушысы, полиция майоры З.Куашева тыңдаушыларға Ақтөбе облысының ПД мұражайына экскурсия ұйымдастырды.
Мұражай жетекшісі Утеулина Айша Алишевна экскурсия өткізіп, қазақстандық полицияның қалыптасу тарихы, маңызды тарихи оқиғалар мен қызметтік борышына атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің ерлігі туралы айтып берді. Экскурсовод Кеңес милициясының жұмысында қолданылатын киім-кешек, қару-жарақ, техника коллекциясын көрсетті.
Мұражай экспонаттарының ішінде көптеген деректі материалдар, ІІО ардагерлерінің естеліктері, кітаптар, мақалалар, газет қиындылары жиналды.
Сонымен қатар, тыңдаушылар Әлия Молдағұлова даңғылындағы гүлзарда орналасқан Кеңес Одағы батырлары аллеясында болды. 46 гранитті стелада Ақтөбе облысында дүниеге келген батырлардың есімдері көрсетілген.
Тыңдаушылар іс-шараға қызығушылықтанытты, қала мен облыс, сондай ақ, ақтөбеліктер-батырлар туралы білімдерін кеңейтті және тереңдетті.
ІІО ӘҚ кафедрасының аға оқытушысы
полиция майоры Хасанова В. В.









