Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Алғашқы кәсіби дайындық тыңдаушылары үшін қонақ дәрістері

5.12.2021

Қазақ-Орыс Халықаралық университеті мен Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумды іске асыру мақсатында, сондай-ақ жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы арасындағы академиялық ұтқырлық шеңберінде 2021 жылдың 3 желтоқсанында «Құқық» кафедрасының меңгерушісі PhD докторы В.М. Балмағамбетова, кафедра доценті Д.В. Бабенко (ІІО-да 30 жылдық еңбек өтілі бар отставкадағы полковник) және аға оқытушы Ш.Н. Жаржанова алғашқы кәсіби дайындық тыңдаушылары үшін қонақ дәрістерін өткізді. Дәрісте ІІО тәжірибелік қызметкерлерінің қызметіндегі ең өзекті және проблемалық мәселелері талқыланып, қатысушылар белсенді пікір алмасты.