Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

«Адал кітап» баспаханасымен өзара ынтымақтастық туралы меморандум

29.10.2025

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында «Адал кітап» баспаханасымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.

Аталған келісім аясында баспахана институт кітапханасына және курсанттарға оқу үдерісін қолдау мақсатында бірқатар құнды оқу және ғылыми әдебиеттерді сыйға тартты.

Меморандумның басты мақсаты – курсанттардың кәсіби білімін тереңдету, құқық саласындағы заманауи әдебиеттермен қамтамасыз ету және сапалы білім беру жүйесін дамыту болып табылады.