Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

“АБАЙ ТАҒЫЛЫМЫ” ӘДЕБИ КЕШІ

25.05.2023

2023 жылдың 25 мамырында ана тілі мен әдебиетіне, туған еліне және тарихына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ояту, тыңдаушылардың сөйлеу мәнерін дамыта отырып, мемлекеттік тіл мәртебесін нығайту, патриоттық сезімдерді тәрбиелеу мақсатында АКД 2-курс буынының қатысуымен халқымыздың ұлы кемеңгер, ойшыл ақыны, әдеби қазақ тілінің негізін қалаушы Абай шығармашылығына арналған «Абай тағылымы» әдеби кешін өткізді.

Әдеби кеште тыңдаушылар көрермендер назарына Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқып, әндерін орындады, ақынның өмірі туралы фильм көрсетілді, қара сөздердің аудиожазбалары ұсынылды.