Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Ақын-импровизатор Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына арналған «Жамбыл жырдың – қайнары!» атты әдеби-танымдық сабақ өтті.

13.03.2026

Институттың 30 жылдық мерейтойы аясында ақпараттық саясат бөлімшесінің ұйымдастыруымен ақын-импровизатор Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына арналған «Жамбыл жырдың – қайнары!» атты әдеби-танымдық сабақ өтті.

Аталған іс-шараның мақсаты – курсанттар мен алғашқы кәсіби даярлық тобының тыңдаушыларына ақын-импровизатор Ж.Жабаевтың өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, оның қазақ әдебиеті мен руханиятындағы ерекше орнын таныту, сондай-ақ жастардың бойында ұлттық құндылықтарға, ана тілі мен әдебиетіне деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Әдеби-танымдық сабақ барысында ақынның өмір жолы мен шығармашылық мұрасы туралы мазмұнды баяндамалар жасалып, оның өлеңдері мен жырларынан үзінділер оқылды. Сонымен қатар, курсанттар мен тыңдаушылар арасында мәнерлеп оқу, әдеби көріністер қою және ақын шығармаларына арналған пікір алмасу ұйымдастырылды.