24.10.2020
«ІІО қызметкерлерінің кәсіби жапа шегуі» атты ғылыми-зерттеу тақырыбын зерттеу мақсатында 2020 жылғы23 қазандакәсіби-психологиялық дайындық және ІІО басқару кафедрасының қызметкерлері полиция полковнигі Ж.М.Есмамбетова және полиция майоры Т.Е.Бисенова Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің жеке құрамымен және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» ММ қызметкерлерімен дәріс өткізді.
Дәрістің мақсаты полиция қызметкерлерінің қызметіндегі жапа шегудің динамикасы мен көріністерін қарастыру. Дәрісте полиция қызметкерлерінің жәбірленуіне әсер ететін факторлар және жәбірленуші мінез-құлықтыңнегізгі түрлері қарастырылды.
Дәріскерлер полиция қызметкерлерінің күнделікті тәжірибесінде пайда болатын жәбірленуші мінез-құлықтың алдын-алу бойынша ұсыныстар берді.
КПДжІІОБ кафедра бастығы
полиция полковнигі
Ж.М.Есмамбетова






