Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері үшін дәріс

30.06.2021

“Ағарту саласын жетілдіру тұжырымдамасын…” іске асыру бойынша “Институттың іс-шаралар жоспарының” 3-тармағын орындау үшін қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын білумен азаматтарды қамтамасыз ету бойынша бірқатар іс-шараларды жүзеге асырады.

         2021 жылғы 23 маусымда жоғарыда көрсетілген жоспардың бір бағытын іске асыру шеңберінде өртпен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеуде білім, білік және дағды бөлісу мақсатында Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері үшін дәріс сабағы өткізілді. Бұл жұмыс қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын зерделеуге жәрдемдесу туралы жасалған келісім шеңберінде іске асырылады, оқу кезеңі 2021 жылғы 23 маусымнан 28 шілдеге дейін. ҚР Қылмыстық-процестік заңнамасын зерделеу шеңберінде іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді жүргізудің негіздерін (сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталуы, дәлелдемелер және дәлелдеу, процестік мәжбүрлеу шаралары, тергеу әрекеттері, процестік келісім жасасу, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталуы) зерделеу жоспарланған.