Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Ақтөбе облысы ПД-нің жедел басқару орталығында өткізілген алғашқы оқыту курсының көшпелі тәжірибелік сабағы.

30.01.2024

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының тыңдаушыларына тәжірибеге бағдарланған оқыту бойынша бірқатар шаралар жүзегеа сыруда.

2024 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының оқытушысы полиция подполковнигі Қ. Ерланұлы білім алушылардың теориялық білімдерін бекітуге және тереңдетуге, кәсіптік практикалық дағдылар мен оларды қалыптастыруға және дамытуға, білім алушыларды ұйымдастырушылық қызметке тартуға, таңдаған мамандығына қызығушылықты ынталандыруға ықпал ететін практикалық оқытудың рөлін күшейту мақсатында Ақтөбе облысы ПБ-нің жедел басқару орталығында «Кәсіби даярлық» пәні бойынша бастапқы кәсіптік оқыту курсының 3 және 4 взводтарының тыңдаушылары үшін № 6 «Жалпы басқару функцияларын жүзеге асыратын ішкі істер органдары бөлімшелерінің қызметінұйымдастыру» тақырыбында көшпелі тәжірибелік сабағы өткізілді.

Сабақты өткізу барысында тыңдаушыларға жедел басқару орталығының мақсаттары мен міндеттері жеткізілді.

Көшпелі сабақ соңында тыңдаушылар Ақтөбе облысы ПД жедел басқару орталығының қызметкерлеріне сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар қойып, оларға толық жауап алды.