Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

АҚТӨБЕ БҮЛДІРШІНДЕРІНЕ АРНАЛҒАН АВТОҚАЛАШЫҚ

28.06.2021

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының көлік объектілеріндегі Қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасы Ақтөбе қаласының Әкімдігі және Ақтөбе облысының Полиция департаментімен бірлесіп, Ақтөбе қаласындағы Тұңғыш Президент атындағы саябақтың аумағында “Автоқалашық” жобасын іске асырды.

Жобаның негізгі мақсаты балаларды ерте жастан бастап жол қозғалысы ережелеріне (ЖҚЕ) үйрету және оларды жол қозғалысының нақты қатысушылары ретінде сезіндіре отырып, жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларына бейімдеу болып табылады.

«Автоқалашықтың» ашылу салтанаты Ақтөбе қаласының әкімі А.Б.Шахаров және ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі А.Б.Байсултановтың қатысуымен өтті.