10.11.2020
2020 жылғы 9 қарашада қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы 3 курс курсанттарына (301-303 оқу топтары) Ақтөбе қаласының №2 сотының судьясы Динара Мұғаппарқызы Гильмановамен онлайн кездесу ұйымдастырды. Кездесу курсанттар оқыған Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы пәні шеңберінде өтті, оның барысында судья Д.М. Гильманова бірінші сатыдағы сотта қылмыстық іс жүргізудің процессуалдық тәртібін, үкім шығару және оларды апелляциялық, касациялық сатыда қайта қарау тәртібін егжей-текжейлі түсіндірді.
Кездесу қорытындысы бойынша судья курсанттардың сұрақтарына жауап беріп, өзінің сот тәжірибесінен мысалдар келтіріп шықты.
ҚҚҚПжК кафедрасының бастығы
полиция полковнигі
Н.Т. Саханова










