15.01.2024
12.01.2024 жылы сағат 10.00-де ІІО әкімшілік қызметі кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі А. А. Алмағамбетова 11 сынып оқушыларымен (Ақтөбе қаласының № 14 орта білім беру мектебі) және 13.00-де 11 сынып оқушыларымен (75) (Ақтөбе қаласының № 31 орта білім беру мектебі) ҚР ІІМ М. Бөкенбаев Ақтөбе заң институтына түсу туралы брошюралар, бейнероликтер мен презентациялар көрсетумен кездесу өткізді.
Кездесуге мектеп басшылығы мен сынып жетекшілері қатысты.
Кездесудің мақсаты мектеп оқушыларына институтқа түсу шарттарын, сондай-ақ құқық қорғау органдарында қызмет өткерудің келешегін жеткізу болды.
Кездесу барысында оқушылар белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, сондай-ақ кері байланысты қамтамасыз ету үшін мектеп басшылығына талапкерлерге арналған ватсап-топқа сілтеме жіберілді.


