11.10.2021
Оқу үрдісі шеңберінде және алғашқы арнайы даярлық курсы тыңдаушыларының білім деңгейлерін арттыру мақсатында М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының көлік объектілерінде қауіпсіздікті ұйымдастыру кафедрасымен Ақтөбе қаласы ПБ жедел басқару орталығы мен кезекші бөлімінде шығу сабағы өткізіліп, Ақтөбе қаласы ПБ жедел басқару орталығының бастығы полиция майоры І.Амангелді жедел басқару орталығы қызметкерлерінің күнделікті қызметінің тәртібі мен мәнін тыңдаушылар алдында көрсетіп түсіндірді.






