24.01.2024
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының тыңдаушыларына тәжірибеге бағдарланған оқыту бойынша бірқатар шаралар жүзегеа сыруда.
2024 жылғы 24 қаңтарда Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының оқытушысы полиция майоры И.О. Фаткулин білім алушылардың теориялық білімдерін бекітуге және тереңдетуге, кәсіптік практикалық дағдылар мен оларды қалыптастыруға және дамытуға, білім алушыларды ұйымдастырушылық қызметке тартуға, таңдаған мамандығына қызығушылықты ынталандыруға ықпал ететін практикалық оқытудың рөлін күшейту мақсатында Ақтөбе қ. ПБ Алматы ауданының учаскелік полиция пунктінің базасында орналасқан ІІО әкімшілік қызмет кафедрасының филиалында «Кәсіби даярлық» пәні бойынша бастапқы кәсіптік оқыту курсының 10,11 және 13 взводының тыңдаушылары үшін №6 «Әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдыналу, анықтау және жолын кесу» тақырыбында көшпелі практикалық сабағы өткізілді.
Сабақты өткізу барысында тыңдаушыларға ішкі істер органдарының ұсақ бұзақылық, белгіленбеген жерлерде темекі шегу, тыныштықты бұзу, алкогольдік ішімдіктерді ішу, коммуналдық қалдықтарды тастау және т.б. әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсаттары мен міндеттері жеткізілді.
Соныменқатар, учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Н.М. Көңілқошев тыңдаушылармен практикалық жұмыс тәжірибесімен бөлісе отырып, қоғамды қорындарда алкогольдік ішімдіктерді ішу, кәмелетке толмағандарды құқыққа қайшы әрекеттерге тарту, кәмелетке толмағандардың маскүйінде болуы, сол сияқты алкогольдік ішімдіктерді ішу, есірткі немесе есірткі тұтыну деректер анықтау кезінде, сонымен қатар, қоғамдық орындардағы психотроптық заттар, масскүнемдікке немесе есірткі немесе психотроптық заттарды қолдануға және т. б. бейім адамдар болуы мүмкін орындарды тексеру барысында полицейлердің іс-әрекеттерін көрнекі түрде көрсетті.
Сонымен бірге, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама мен қаулы жасау тәртібі көрсетілді.
Көшпелі сабақ соңында тыңдаушылар учаскелік полиция инспекторына сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар қойып, оларға толық жауап алды.












