28.10.2020
2020 жылдың 27 қазанында қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының қызметкерлері полиция майоры Р.Б.Молдыбаева мен полиция майоры С.М.Минайдаров ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының ҚР ІІМ Жедел-криминалистикалық департаментімен бірлесіп ұйымдастырған «Ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, адамды анатомиялық және функционалдық сырт келбет белгілері бойынша тану әдістерінің заманауи мүмкіндіктері» атты халықаралық дөңгелек үстелге қатысып, «Адамның бас сүйегі бойынша сыртқы келбетін қайта жаңартудың кейбір мәселелері туралы» баяндама жасады.
Қашықтан өткізілген халықаралық дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы ІІМ АӘЖОО, “ALMA TECH” ЖШС (Қазақстан), “Kazdream Technologies” ЖШС (Қазақстан), Өзбекстан Республикасы ІІМ академиясы, “Папилон” АҚ Компаниясы (Ресей), «Сөйлеу технологиялары орталығы» ЖШҚ (Ресей) өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел аясында адамның сыртқы келбетін сәйкестендірудің биометриялық жүйелерін әзірлеу саласындағы өзекті мәселелер ашылды. Форум жұмысы пікірталас және ақпараттық сипатта өтті.
ҚҚҚПжК кафедрасының аға оқытушы
полиция майоры
Р.Б.Молдыбаева






