7.04.2022
2022 жылғы 7 сәуірде Ақтөбе қаласында «Полицияның сервистік моделі” пилоттық жобасын іске асыру мәселелері бойынша облыс әкімдігі жанындағы Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметтік тәсілдерді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топтың (Ақтөбе МГОБ) қызметкерлерімен жоспарлы кездесу ұйымдастырылды.
Ақпараттық-түсіндіру жұмысына Әкімшілік қызмет кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, біліктілікті арттыру курсының қазіргі қызметкерлері (барлық облыстардан), ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының алғашқы кәсіби даярлық курсының курсанттары мен тыңдаушылары қатысты.
Бұл кездесуге институттың ғылыми-зерттеу орталығының бастығы Сүлейменов Тәкежан Есентайұлы жетекшілік етті.
Отырыс барысында жоғарыда аталған топтың әкімшісі лауазымын атқаратын ӘҒК аға ғылыми қызметкері, полиция майоры Длимов А.А. Ақтөбедегі МГОБ-тың 5 айдағы жұмыс қорытындысы бойынша өз баяндамасын ұсынды.
Жиын соңында топ менеджері Таев Арман Міржақыпұлы №1 қалалық полиция бөлімінің аумағында тұрғындармен сауалнама жүргізу кезінде курсанттармен қамтамасыз етуге көмектескені үшін институт басшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрамға алғысын білдірді.










