Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

ІІО ҚЫЗМЕТКЕ ҮМІТКЕРЛЕРДІ ІРІКТЕУ

21.09.2022

Полициядағы қызметтің беделі жыл сайын артып келеді. Ішкі істер органдарында қызмет етуге бет бұрған жастардың саны көбeюде.

21 қыркүйектен бастап Ішкі істер органдарына іріктеу турынан өту үшін үміткерлер Қазақстан Республикасының барлық облыстарынан институтқа келіп жатыр.

Алғашқы талаптар бойынша заңнаманы білетін және дене бітімі  шыныққан  үміткерлер іріктеледі. Сондай-ақ қабылдау комиссиясы кандидаттың ІІО-ға қызметке түсу себептерін, қызметі бойынша шектеулер туралы білімін, болашақ қызметінің сипатын анықтау мақсатында әңгімелесу жүргізеді.

Іріктеу нәтижелері бойынша үміткерлер әкімшілік қызмет бағыты бойынша қысқа мерзімді оқуға (үш ай) IIM М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына қабылданады.

Сәттілік тілейміз!