Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

9-мм Макаров тапаншасын жартылай бөлшектеу және жинау жарысы

8.12.2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «Халық қаhарманы» полиция капитаны Г.Байтасовтың ерлікпен қаза тапқанына       10 жыл толуына байланысты еске алуға орай, институттың арнайы-тактикалық даярлық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 7 желтоқсан күні ауыспалы құрамы арасында 9-мм Макаров тапаншасын жартылай бөлшектеу және жинау жарысы өткізіліп, үздіктер анықталды.

Атап айтсақ: 1-орынға институттың кәсіби даярлық факультетінің 4 курс 404 оқу тобының курсанты Т.Сайляуов ие болса, 2-орынға арнайы бастапқы оқыту курсының 13 оқу тобы тыңдаушысы Ж.Қанат және 3-орынға кәсіби даярлық факультетінің 4 курс 403 оқу тобының курсанты Е.Ералиев ие болды. Сонымен қатар «Жеңіске деген құштарлығы үшін» номинациясы бойынша арнайы бастапқы оқыту курсының 15 оқу тобы тыңдаушысы Е.Бақтияр марапатталды.