8.03.2026
2026 жылдың 5 наурызында Ақтөбе заң институтында 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай қыздар арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді. Іс-шараға институттың әр курсынан және жеке құрамынан құралған командалар қатысып, өзара бақ сынасты.
Іс-шараның мақсаты – мерекені атап өту, қыздар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыру мен спортты насихаттау, сондай-ақ командалық рухты нығайту болды.
Жарыс барысында қатысушылар өздерінің ептілігін, шапшаңдығын және ойын тактикасын көрсете білді. Әрбір ойын тартысты әрі қызықты өтіп, жанкүйерлерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Командалар арасында өзара қолдау мен ынтымақтастық айқын байқалды.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, жүлделі орындар белгіленді:
1-орын: 1-курстың құрама командасы;
2-орын: 2-курстың қыздар құрамасы;
3-орын: Институт жеке құрамының әйелдер құрама командасы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Аталған іс-шара қатысушыларға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлап, спортқа деген қызығушылықтарын арттыра түсті.






