Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

70 жас мерей той

3.09.2025

Бүгін Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтына “Заң және тәртіп” идеологиясын ілгерілету Тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Ақтөбе облысының әкімі Шахаров Асхат Берлешұлы және Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Жусупов Абай Қуатбаевич жеке құраммен кездесуге арнайы келді. Шара барысында қонақтар ІІО ардагері, отставкадағы полиция полковнигі Хайрулла Кәрімұлы Сүлейменовтің 70 жасқа толуымен құттықтап сый-сыяпаттарын табыстады. Ақтөбе облысының әкімі А.Шахаров мырза Х.Сүлейменовтың абыройлы қызметіне, оқу орнына және жалпы облысқа сіңірген зор еңбегіне алғысын білдіріп, төсбелгімен марапаттады. Сонымен қатар, Хайрулла Кәрімұлын ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының, ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының, Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің, ІІМ Б.Момышұлы атындағы Оқу орталығының бастықтары арнайы құттықтау хаттарын жолдап алғыстарын білдірді.