5.03.2024
Атыс дайындығының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы ІІО қызметкерін дайындауда қару-жарақтарды қолдану дағдыларын дамытуға, сақтауға және жетілдіруге бағытталған.
Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты бастығының көмекшісі полиция полковнигі М.Б.Алғожаевтың жетекшілігімен, институттың арнайы-тактикалық даярлық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен және оқу-саптық бөлінісімен 2024 жылдың 5 наурыз күні Ақтөбе қаласы №6655 әскери бөлімінің полигонында 5,45-мм Калашников автоматынан оқу-жаттығу тәжірибелік атыс шығу сабағы жүргізілді.
Атыс алдында алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларынан сынақтар қабылданып, қару мен оқ-дәрімен қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.











