13.12.2021
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай институттың арнайы-тактикалық даярлық кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 10 желтоқсан күні ауыспалы құрамы арасында 5,45-мм Калашников автоматын жартылай бөлшектеу және жинау жарысы өткізіліп, үздіктер анықталды.
Атап айтсақ,
1-орынға кәсіби даярлық факультетінің 4 курс 403 оқу тобының курсанты Б. Кеңшілік,
2-орынға алғашқы кәсіби даярлық курсының 15 оқу тобы тыңдаушысы Е.Бақтияр, 3-орынға алғашқы кәсіби даярлық курсының 15 оқу тобы тыңдаушысы Ш.Сериков
ие болды.
Сонымен қатар «Жеңіске деген құштарлығы үшін» номинациясы бойынша арнайы бастапқы оқыту курсының 16 оқу тобы тыңдаушысы А.Олжабай марапатталды.










