1.08.2025



Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын бекіту туралы ҚР ҒЖБМ 2022 ж. 20 шілдедегі №2 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты Кәсіби даярлық факультетінің 1-курс магистранттары 2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша аттестациядан өтті.
Аттестация барысында магистранттар жеке жұмыс жоспарына сәйкес жасалған жұмыстары және зерттеулік практика мен зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша есеп берді. Нәтижесінде, аттестациялық отырыста магистранттарды 2-ші курсқа өткізу туралы шешім қабылданды.






