Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

Шахизада Малкеждарқызы институтта қонақта

8.05.2025

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында Кеңес Одағының Батыры Малкеждар Бөкенбаевтың қызы Шахизада Малкеждарқызы Ақтөбе заң институтына ат басын тіреп, Малкеждар Бөкенбаевтың жерленген бейітінің басына барып, әке рухына тағзым етті.
Институт аумағында орналасқан батыр бабасының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Оқу орнының тыныс-тіршілігімен, мұражайдағы М.Бөкенбаевқа арналған бұрышпен танысып, тілектер кітабына өз қолтаңбасын қалдырды.
Батыр бабамыздың тірі көзі Шахизада Малкеждарқызының айтулы мерейтойда оқу орнымызға келіп, ол туралы құнды әрі жылы естеліктерімен бөлісуі – институтта қызмет атқаратын және білім алатын жастар үшін тарихи кездесу десек артық айтпаймыз.