Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

6.05.2025

Ақтөбе қаласындағы Шығармашылық академиясында Ақтөбе заң институтының 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне жәна Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шарасы өтті.Салтанатты жиынға институт басшылығы, Кеңес Одағының батыры М. Бөкенбаевтың қызы Шахизада Жанзакова, ІІО ардагерлері, курсанттар мен тыңдаушылар қатысты. Институт бастығы полиция полковнигі Ғ. Есболаев жеке құрамның ер-азаматтарын мерекемен құттықтап, Ұлы Жеңістің 80 жылдығын тарихи жадыны жаңғыртатын, отаншылдық рухты көтеретін маңызды күн екендігіне тоқталды.Жиын кезінде қызметтік міндеттерін адал атқарған бірқатар қызметкерлерге арнаулы атақтар мен грамоталар табысталып, оқуда үздік нәтиже көрсеткен тыңдаушылар мен курсанттар мерекелік марапатқа ие болды.Шараның ресми бөлімінен кейін “Геолог” мәдениет үйінің ұжымы, институт қызметкерлері мен Ф. Оңғарсынова атындағы №41 мектеп-гимназиясының “Жас сақшы” кадет сыныбының оқушылары концерттік бағдарламамен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.