Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

29.04.2025

2025 жылдың 29 сәуірінде Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығы қарсаңында «Ерлік елге мұра» атты іс-шара аясында Ғалымжан Байдербесовтің «Аңызға айналған ару» атты кітабын 1-курс курсанттарына таныстыру рәсімі өтті.
Іс-шараға Ақтөбе облысының құрметті азаматы, белгілі журналист-ғалым, қоғам қайраткері және Әлия танушы Ғалымжан Байдербесовтің қызы – А.Ғ. Байдербесова, оның шәкірті – Б.Б. Қаумешов, сондай-ақ Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінің экскурсия жетекшісі – Ә.А. Амангелді арнайы шақырылып, институт ұжымы мен білім алушылармен кездесті. Кездесу барысында Ғ. Байдербесовтің шығармашылығы мен «Аңызға айналған ару» кітабының мазмұны туралы кеңінен әңгімеленді.
Бұл іс-шара жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, рухани құндылықтарды насихаттау және ел тарихындағы ерліктерді ұрпақтар жадында сақтау мақсатында ұйымдастырылды.