Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

1.05.2025

2025 жылғы 1 мамыр мерекесіне орай куратор Муканова Динара Серикбековна 1 курс 103 оқу топ курсантарына Қазақстан халқының бірлігі күніне орай тәрбиелік бағыттағы кураторлық сағат өткізді.
Мақсаты – курсанттар арасында достық, ынтымақ, бейбітшілік құндылықтарын насихаттау, этносаралық келісімді құрметтеуге тәрбиелеу және еліміздегі ұлттар достығын дәріптеу.
Кураторлық сағат барысында курсанттар Қазақстанда тұратын түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық киімдерін киіп, бір шаңырақ астында жиналды. Олар өзара татулық пен бірлік идеясын ұлықтап, түрлі этностардың мәдениеті мен дәстүрлері туралы ой бөлісті. Шараның тәрбиелік мәні зор болып, курсанттар мерекенің маңызын терең түсінді.