Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

23.04.2025

Институтымызда 2025 жылдың 23 сәуірінде жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушысы Нурланов Еламан Нуржанович “Бір ел бір кітап” акциясы аясында 1-курс курсанттарына ашық дәріс сабағын өткізді. Шара барысында Александр Бектің оқырманды майдан шебінде болып жатқан шындыққа жақындатып, ерліктің, төзімділіктің және адам рухының күшін көрсететін “Волоколам тас жолы” шығармасы, Кемел Тоқаевтың “Тасқын” және де Бауыржан Момышұлының “Соғыс психологиясы” шығармаларын 1-курс курсанттарына түсіндіріп, баяндады. Мұндай шығармалар өскелең ұрпақ жадына өшпес із қалдырып, патриоттық пен табандылықты дәріптейді. Еліміздің ертеңі болатын жастарымызды өнегесі мол, берері көп және тарихи санасын қалыптастыратын шығармаларды оқуға ынталандырды.