25.04.2025
Бүгін Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында «Заң ғылымы және білім: өзекті мәселелер мен инновациялар» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Бұл іс-шара екі маңызды күндерге: Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Қазақстан Республикасы Конституциясына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Конференцияда құқық ғылымының дамуының негізгі мәселелері, заң саласындағы заманауи өзгерістер және құқықтық білім берудегі инновациялық тәсілдер талқыланады.
Конференцияға Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары, әділет аға кеңесшісі Т.Әлібаев және академик, заң ғылымдарының докторы, профессор Е.Түзелбаев, сондай-ақ Ресей Федерациясының 14 жоғары оқу орындарының, Әзірбайжан мен Тәжікстан Республикасының ІІМ ведомстволық оқу орындарының өкілдері, жетекші ғалымдар, тәжірибелі заңгерлер мен ІІО қызметкерлері, оқытушылар, докторанттар, магистранттар, халықаралық сарапшылар, жақын және алыс шет елдерден қонақтар мен серіктестер қатысты.


