19.03.2025
2025 жылғы 19 наурызда алғашқы кәсіби даярлық курсы тыңдаушыларына «Тіл – бірліктің негізі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсінуге тәрбиелеу, насихаттау, дамыту. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі, Қазақстанның болашағы қазақ тілінде, мемлекеттік тілді үйрену, білу, дамыту – баршамыздың міндетіміз және әркімге де парыз болып саналады. Тілді қастерлеу ізгілік пен мәдениеттілік белгісі.


