22.03.2025
Бүгін Наурыз мейрамы қарсаңында ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушыларын салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өткізілді.
Институт бастығы полиция полковнигі Ғ. Есболаев, Ардагерлер және Тәлімгерлер кеңесінің төрағасы В. Сюняков тыңдаушыларға полицияның имиджін көтеру бағытында өз қызметіне адал болуға, жауапкершілікпен қарауға және құқық қорғау қызметіне өз үлесін қосуға тілектерін білдірді. Сонымен қатар оқу бағдарламасы кезінде белсенділік танытқан үздік тыңдаушыларға грамоталар табысталды.
Алғашқы кәсіби даярлық курсын тәмамдаған тыңдаушыларымыз елге абыройлы қызмет ететіндігіне зор сенім білдіреміз!





