Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

23.03.2025

23 наурыз – «Тазару күні». 2025 жылғы 23 наурызда Ақтөбе заң институтының курсанттары «Тазару күні» шарасын өткізді, осы шара аясында оқу орнының және оған іргелес аумақтың аумағын тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Шараның мақсаты экология мәселелеріне назар аударту және жастар арасында қоршаған ортаға деген жауапкершілікті қалыптастыру болды. Шараға қатысушылар белсенді түрде жұмыс істеп, институт аумағында және оқу ғимаратының маңайында қоқысты жинап, газондар мен жолдарды, гүлзарларды ретке келтірді.