24.03.2025
1 курс курсанттары “Үміт” балалар үйіне барып, бүлдіршіндермен уақыт өткізді. Олар балалармен ойнап, көңілдерін көтерді, сондай-ақ ер балалар аула тазалау жұмыстарын жүргізіп, балалар үйінің айналасын таза әрі жайлы етті. Сәбилерімізге мейірім мен махаббат, қуаныш пен жылылық сыйлады.


