17.03.2025
Алғашқы кәсіби даярлық курсының тыңдаушылары 17 наурыз “Мәдени және ұлттық салт-дәстүр күніне орай “Құнанбай” атты фильмді тамашалады. Фильмде Абайдың әкесі Құнанбайдың өмірі мен оның қазақ қоғамының дамуына қосқан үлесі баяндалады. Бұл фильм қазақтың рухани дәстүрлері мен құндылықтарын, ұлттың мәдени байлығын дәріптеп, тыңдаушылардың патриоттық сезімін оятуға көмектеседі.


