17.03.2025
Наурызнама аясында Ақтөбе заң институтының тыңдаушылары арасында «Қазақ халқының салт дәстүрлерін насихаттау» тақырыбында тимбилдинг өткізілді. Шараның негізгі мақсаты тыңдаушылардың ұлттық ойындар мен қазақтың ырым-тыйымдарын, мәдениетін білу және оны дұрыс бағалай білуге бағытталды.
Тимбилдинг қатысушыларға керемет көңіл-күй сыйлап, олар топтық қызықты ойындарға белсене қатысты. Бұл іс-шара қатысушылардың бір-бірімен жақындасуына, қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін тереңірек түсінуіне мүмкіндік берді. Ұлттық ойындар арқылы тыңдаушылар өздерінің үйлесімді жұмыс істеу, шешім қабылдау және командалық рухты дамыту қабілеттерін арттырды.





