Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

14.03.2025

Ұлттық мерекеміз Наурыздың ең алғашқы нышаны – 14 наурыз – Көрісу күні, амал мерекесі құтты болсын!
Бүгінгі институт қызметкерлерінің мағынасы ғасырлар қойнауынан қазылған, сыйластыққа үндейтін, ауызбіршілікке шақыратын, жүректерді мейірімге толтырып, бір-біріне жақындататын салт-дәстүріміздің жол-жоралғысымен жасалған көрісу дәстүрі баршамыздың көңілімізді марқайтты.
Мерекелік көңіл-күйді көмкеру үшін дәстүрлі әндерден жыр-шашу шашып, ата салтымызбен ұлттық дәміміз бауырсақ ұсынып, ақтан ауыз тигізді. Үлкендер кішілерге ақ батасын беріп, ізгі тілек тілесті.