Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

6.03.2025

Көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз- халықаралық әйелдер күні қарсаңында қаламыздың Т.Ахтанов атындағы драма театрында институттың ер азаматтары әйел қызметкерлерге мерекелік шара ұйымдастырып, керемет көңіл-күй сыйлады.
Кештің ресми бөлігінде Ішкі істер министрінің құттықтау хаты жеткізіліп, институт бастығы полиция полковнигі Ғ. Есболаев оқу орнының ардагерлері мен ұжымның әйел қызметкерлерін және курсант қыздарына жылы лебізі мен құрметін білдіріп, мерекемен құттықтады. Сонымен қатар қызметте айрықша үлес қосқан қызметкерлер мен тәлімгер-ардагерлер ІІМ-нің және институт бастығының марапаттарына ие болды.
Кеш Ақтөбе облысының танымал әншілері және институттың өнерпаздары мен кадет сыныбының оқушылары сыйлаған концерттік бағдарламаға ұласты. Әлемнің жарығын сыйлаған ардақты аналар мен сұлулығымен, нәзіктігімен, қылығымен өмірді ажарландыратын аруларға арналып шырқалған әндер көрерменге ұмытылмас әсер сыйлады.