Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

4.02.2025

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының тыңдаушылары мен қызметкерлері 01 ақпаннан бастау алған “Спортта қызметтегідей: 10.000 қадам” акциясы шеңберінде топтық жүгіруді іске асырды. Сонымен қатар, акция соңында курс басшысымен және топ кураторларының ұйымдастыруымен курсанттар арасында тимбилдинг өткізілді. Тимбилдинг курсанттарға керемет көңіл- күй сыйлады. Курсанттар топтық қызықты ойындарға қатысты. Өткізілген корпоративтік шара команданың әрбір қатысушысының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін аша отырып, ұжымның бірлігін нығайтуға үлкен септігін тигізді.