Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

27.02.2025

М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы полиция полковнигі Саханова Нелли Талаповна және Жоспарлау және бақылау бөлімінің инспекторы полиция лейтенанты Аманкелді Адамкелді Аманбайұлы Бөкей ордасы ауданына іс-сапармен келіп М-С Бабажанов атыңдағы ЖОББМ-нің жоғарғы сынып оқушыларымен кездесіп, оқу орны туралы пайдалы ақпаратпен бөлісті.

Кездесу барысында оқу орнының бір күндік өмірін бейнеролик арқылы таныстыру жұмыстары да жүргізілді. Оқушылар Ақтөбе заң институтына қабылданудың талаптарымен танысып, болашақ мамандықтары туралы толық түсінік алды. Сонымен қатар, оқу орнындағы оқу бағдарламасы, тәжірибелік сабақтар мен басқа да маңызды аспектілер жөнінде айтылып, түлектерге осы оқу орнында білім алу мүмкіндіктері кеңінен түсіндірілді.

Бұл кездесудің түлектер үшін үлкен маңызы бар. Олар болашақта өз кәсібін таңдау кезінде нақты және пайдалы ақпарат алып, өздері үшін ең тиімді оқу орындарын таңдауға мүмкіндік алды. Жиынның мақсаты – жас ұрпақты білім мен құқық қорғау саласындағы мамандықтарға қызықтырып, олардың кәсіби бағыт-бағдар алуына жол ашу.