24.02.2025
МАМАНДЫҚ ТАҢДАУДЫҢ БІР ЖОЛЫ – КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.
Осыған орай, 2025 жылдың 24 ақпан күні Ақсай қаласының «№3 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де қала мектептерінің 11 сынып білім алушыларына Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының «Қылмыстық процесс және криминалистика» кафедрасының бастығы полиция полковнигі Саханова Нелли Талаповна, «Жоспарлау және бақылау» бөлімінің инспекторы полиция лейтенанты Аманкелді Адамкелді Аманбайұлы және Бөрлі ауданының полиция бөлімінің бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Сапаргалиев Миргали Сапаргалиевичтің қатысуымен кәсіби бағдар беру бағытында кездесу өтті.
Полиция полковнигі Н.Саханова ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты туралы толыққанды ақпарат беріп, оқу орнына түсу ережелері мен талаптарын атап өтті.
Кездесу барысында мектеп бітіруші түлектерге полиция мамандығы туралы ақпарат беріліп, назарға бейнероликтер ұсынылды.
Мамандыққа қызығушылық танытқан білім алушылар тарапынан сұрақтар қойылды.


