Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

24.02.2025

2025 жылдың 24 ақпан күні ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының «Қылмыстық процесс және криминалистика» кафедрасының бастығы полиция полковнигі Саханова Нелли Талаповна Бөрлі ауданының полиция бөлімінің жеке құрамымен кездесті.

Кездесу күн тәртібінде полиция полковнигі Н.Саханова жеке құрамға кәсіби біліктілікті арттыру бойынша және магистратураға оқуға түсу ережелері мен талаптары туралы толық ақпарат берді.