Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

28.11.2024

Алғашқы кәсіби даярлық курс тыңдаушылары үшін 8-ші топ кураторы Р.Б. Молдыбаева және институт психологы полиция аға лейтенанты Айболатқызы Мейрамгульмен ұйымдастырған психологиялық тренинг табысты өтті. Тренингтің мақсаты – тыңдаушылардың эмоционалдық тұрақтылығын арттырып, командалық рухты нығайту болды. Іс-шара барысында қатысушылар түрлі психологиялық әдістерді меңгеріп, өмірлік қиындықтарды жеңудің тиімді жолдарымен танысты. Куратор мен психолог бірлесіп ұйымдастырған жаттығу мен тапсырма тыңдаушылардың ішкі әлеуетін ашуға, сенімділік қалыптастыруға және психологиялық тұрақтылықты дамытуға бағытталды. Тыңдаушылар тренинг соңында алған тәжірибенің алдағы оқу үдерісі мен болашақ қызметтерінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.