13.02.2025
Мемлекеттік тілді насихаттау, қолданыс аясын кеңейту мақсатында институттың ақпараттық саясат бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл мәртебесі» тақырыбында кездесу өткізіліп, ІІО қызметкерлерінің ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау бойынша ұйымдастырылған жұмыстардың қорытындысына және ІІМ-нің нұсқауларына шолу жасалды.
Ақтөбе облысы тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Қ.Қ.Сағынбаева және басқарманың Тілдерді оқыту орталығы директорының орынбасары Г.Н. Төлегенова институттың жеке құрамына ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша сынақтарды тапсыру талаптары мен реттілігі және тиімді дайындық жұмыстарын жүргізу бойынша толыққанды ақпарат беріп, түсінік жұмыстарын жүргізді.








