29.04.2024
27 сәуір күні жалпыхалықтық сенбілік «Жасыл аймақ» акциясы аясында Институт аумағын көркейту, көгалдандыру жұмыстарын жандандыру арқылы табиғатты сақтау мақсатында басшылықтың ұйытқы болуымен 200 түп ағаштарының көшеттері егілді.
Институт қызметкерлері мен тыңдаушылары қоқыстарды шығарып, сынған бұтақтар мен жапырақтарды жинады.
Институтымыздың төңірегінде, оның маңайында тазалық пен тәртіп орнады.








