Aktobe law institute of the Ministry of Internal Affairs of the Republic of Kazakhstan named after M. Bukenbaev

13.02.2025

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында білім алып жүрген 7М12301 – «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттары ғылыми жетекшілері бекітілген кафедраларда педагогикалық практикадан өтуде.
Жалпы заң пәндері кафедрасынан полиция аға лейтенанты Көпбай Жанмұрат оқыту әдістемесінің педагогикалық дағдыларын қалыптастыру мақсатында кафедра бастығы полиция полковнигі А.К.Ибраеваның ғылыми жетекшілігімен жұмыс істей отырып, кафедраның профессорлық-оқытушы құрамының сабақтарына қатысып тәжірибе алмасып, оқу процесін ұйымдастыруда қолданылатын әдістемелік құжаттармен танысып, педагогикалық әдістерді меңгеріп, алғашқы кәсіби даярлық курстарының тыңдаушыларына дәріс оқып, семинар сабақтарын жүргізді.
Педагогикалық практикадан өту – магистранттың болашақта оқытушылық қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне негіз болады деп сенеміз.