13.02.2025
Институтта қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы күні аталып өтті. Бұл кафедра бірнеше онжылдық бойы тергеу және сараптама жүргізудің заманауи әдістерін оқытып, еліміздің құқық қорғау органдары үшін кәсіби мамандар даярлап келеді.
Іс-шара заң ғылымдарының дамуындағы өзекті мәселелерді қылмыстық процестің заманауи аспектілері және криминалистикадағы инновацияларды талқылауға, тәжірибе алмасуға және болашақ мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға арналған маңызды алаңға айналды.
Осындай іс-шаралар арқылы құқық қорғау саласы үздіксіз дамып, жаңа буын мамандардың біліктілігі арта түседі.


