13.02.2025
Кәсіби – психологиялық даярлық кафедрасының оқытушылары, полиция подполковнигі А.А.Сагинтаева, полиция подполковнигі С.А.Мендыбаева Кәсіби біліктілігін арттыру курсы тыңдаушыларының «Арнайы дайындық» пәні бойынша тәжірибелік сабаққа «Айналайын» орталығының психологі психология ғылымдарының магистрі В.В. Кабановты қатыстырды.
Сабақ барысында азаматтармен коммуникативті әрекеттесудегі психологиялық кедергілер мәселелері талқыланды. Жанжалды жағдайларды шешу жолдары арқылы басқаруға баса назар аударылды.
Тыңдаушылар зерттелетін тақырыпқа қызығушылық танытып, өз пікірлерін білдірді, практикалық іс-әрекеттерден мысалдар келтірді.


